Студенттер қарттармен жүздестіFarabi University

Студенттер қарттармен жүздесті

4 желтоқсан, 2025

ТДМ-4 ҚазҰУ журналистика факультетінің студенттері «Аманат» қарттар үйіне қайырымдылық сапар жасады. 4 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, Медиакоммуникациялар мамандығының 4 курс студенттері «Аманат» қарттар үйіне барып, тұрғындарға қуаныш сыйлап қайтты.

Сапар аясында студенттер қарттар үйіне концерттік бағдарлама ұсынып, қариялармен еркін форматта әңгімелесті. Ардагерлер жастарға ақ батасын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.