Мақсаты:
1. Магистранттарға Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің тарихы, енгізілу себептері және оның мемлекет үшін маңызы туралы түсінік беру.
2. Экономикалық сауаттылықты арттыру, қаржы мәдениетін қалыптастыру.
3. Тәуелсіз мемлекеттің басты рәміздерінің бірі ретінде теңгеге құрмет сезімін қалыптастыру.
Бүгін біз Қазақстан Республикасының ең маңызды құндылықтарының бірі – ұлттық валюта, теңге туралы әңгіме қозғаймыз. Ұлттық валюта – кез келген мемлекеттің экономикалық егемендігінің, қаржылық тәуелсіздігінің, саяси тұрақтылығының басты белгісі. Теңге – біздің мемлекетіміздің дамуы мен тәуелсіздігін айшықтайтын маңызды рәміздердің бірі. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, жас мемлекеттің алдында күрделі міндет тұрды – өзінің жеке қаржы жүйесін қалыптастыру. Бұрынғы Кеңес Одағының рублі экономикалық қиыншылықтар тудыра бастаған кезеңде ел үшін ұлттық валютаны енгізу уақыт талабына айналды.
1993 жылдың 15 қарашасы – Қазақстан тарихындағы ерекше күн. Дәл осы күні Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Осыған байланысты 15 қараша бүгінде Ұлттық валюта күні және Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтеді.
Басқа жаңалықтар