«Менің экологиялық ізім - мен күн сайын ғаламшарға қалай әсер етемін»
2025 жылдың 4 желтоқсанында «Менің экологиялық ізім - мен күн сайын ғаламшарға қалай әсер етемін» және 12-ші Тұрақты даму мақсаты аясында Жауапты тұтыну және өндіріс тақырыбында Халықаралық конференция өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің бірінші курс студенттері қоршаған орта мәселелері бойынша бейне презентация, баяндамалар және викторина дайындап, онлайн конференция өткізді.
Іс-шараның қонақтары болған Верона университетінің (University of Verona) Тіл білімі факультеті өкілдері: Эдуардо Стоппани, Энрико Фасоли, Гизем Челик, Эмма Траверси, Франческо Брессан, Ребекка Селадон және Сара Дюрастанте; Чунцин Оңтүстік-батыс университетінің (Chongqing Southwest University), шығыстану факультетінің өкілдері: Диниар Бекболатова, Айдосқызы Ажар және Павлодар қ. Инновациялық Еуразия университетінің Жоғары колледжінің ғылыми оқытушысы Бакасова А.К.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: ф.ғ.д. Оразбекова И.Г., Халенова А.Р., Бекалаева Ә.О., Мурумбаева Ғ.Ә., Тілеуғабылова З.А.
Басқа жаңалықтар