- Басты бет
- Жаңалықтар
- Механика кафедрасының оқытушылары Қытай-Қазақстандық CCUS, мұнай және газ инновациялық технологиялары бойынша Симпозиумға қатысып қайтты
Механика кафедрасының оқытушылары Қытай-Қазақстандық CCUS, мұнай және газ инновациялық технологиялары бойынша Симпозиумға қатысып қайтты
Механика кафедрасының оқытушылары ф.-м.ғ.к., ассистент-профессор Динара Елеусизовна Туралина мен PhD, ассистент-профессор Бақберген Ермекбайұлы Бекбау 2025 жылдың 24-27 қараша аралығында Қытай еліне іссапармен барып қайтты.
Әріптестеріміз Қытайдың Шыңжаң провинциясының Шихэцзы қаласындағы Шихэцзы (Shihezi University) университеті ұйымдастырған «Қытай-Қазақстандық CCUS, мұнай және газ инновациялық технологиялары бойынша симпозиумға» қатысып «Double Degree Master’s Program “Mechanics and Energy” as a Model of International Cooperation in Training Specialists for the Energy Sector» (Туралина Д.Е.) және «From In-House Reservoir Simulation to AI-Enhanced Modeling: Comparative Studies» (Бекбау Б.Е.) тақырыптарында баяндама жасады.
Аталған Симпозиумға Қазақстан Республикасы тарапынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ-Британ техникалық университеті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Назарбаев университеттерінен ғалымдар қатысты. Төрт күнге созылған Симпозиум аясында оқытушылар Шихэцзы университетінің басшылығымен академиялық алмасу бойынша кездесуге қатысты және химия және химиялық инженерия мектебінің зертханаларымен де танысты.
Бұл Симпозиум Қытай мен Қазақстан арасында мұнай және газ саласында жоғары деңгейлі академиялық және өнеркәсіптік алмасу платформасын құруға, технологиялық ынтымақтастықты, инновацияны және ғылыми жетістіктерді трансформациялауды ілгерілетуге бағытталған.
Ұйымдастыру комитеті әріптестеріміздің Қытай мен Қазақстан арасындағы ғылыми алмасу мен ынтымақтастыққа қосқан үлесітерін алғыспен атап өтті.
Іссапардың барлық шығындары ҚРБҒМ АР23483887 «Ластанған сулы деңгейжиектерді физикалық-химиялық ремедияциялауды зерттеуге арналған жаңа симуляторды әзірлеу және қолдану» гранттық жобасы есебінен төленді.








Механика кафедрасының меңгерушісі Д.Е.Туралина.
Басқа жаңалықтар