Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Жиенбай Салтанат Нарымбайқызы «Үздік студент – 2025» атты республикалық байқаудың жеңімпазы атанып, I дәрежелі дипломмен, арнайы төсбелгімен және марапатпен наградталды.
Байқау «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында өткізіліп, жастар саясатын дамытуға, дарынды әрі әлеуметтік белсенді жастарды қолдауға, олардың креативті идеялары мен қоғамдық бастамаларын ынталандыруға бағытталған.
Салтанаттың бұл жетістігі — оның мақсаткерлігінің, жауапкершілігінің және қоғамдық өмірге белсенді араласуының айқын көрінісі. Студенттің жетістігі университетіміздің білім алушыларының жоғары әлеуетін және белсенді азаматтық ұстанымын дәлелдейді.
Басқа жаңалықтар