- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 5 аясында гендерлік теңдік тақырыбына арналған кураторлық-эдвайзерлік сағат
ТДМ 5 аясында гендерлік теңдік тақырыбына арналған кураторлық-эдвайзерлік сағат
2025 жылғы 2 желтоқсанда сағат 16:00–16:50 аралығында филология факультетінің №17 жатақханасында ТДМ 5 аясында гендерлік теңдік тақырыбына арналған кураторлық-эдвайзерлік сағат өтті. Іс-шараны шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Гүлсима Құрбанбековна Дайрабекова 6В02303 – «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен өткізді. Кездесу барысында қатысушылар гендерлік теңдіктің қоғам дамуындағы маңызын, жастардың тең мүмкіндіктерді ілгерілетудегі рөлін және білім беру кеңістігіндегі инклюзивтілікті арттыру жолдарын талқылады. Студенттер қазіргі әлемдегі гендерлік саясат, әйелдер мен ерлер құқықтары, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысты өз ойларымен бөлісті. Іс-шара негізгі идеяларды қорытындылаумен және күнделікті өмірде гендерлік теңдік құндылықтарын қолдауға шақырумен аяқталды.
Басқа жаңалықтар