«ТДМ (ЦУР) 2 – Аштықты жою»Farabi University

«ТДМ (ЦУР) 2 – Аштықты жою»

8 желтоқсан, 2025

Кураторлық сағат ТДМ (ЦУР) 2 – «Аштықты жою» тақырыбына арналды. Куратор Ханиев Б.А. кіріспе сөзінде БҰҰ бекіткен Тұрақты даму мақсаттарының маңызын атап өтіп, аштық мәселесінің өзектілігін статистикалық деректермен түсіндірді. Студенттер үш баяндама жасады:

  • Жаһандық аштықтың себептері (ЦУР 2): климаттың өзгеруі, табиғи апаттар, кедейлік, қарулы қақтығыстар.

  • Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігі (ЦУР 2): ауыл шаруашылығындағы жағдай, мемлекеттік бағдарламалар.

  • Тұрақты ауыл шаруашылығы (ЦУР 2): экологиялық таза өнім өндіру және оның маңызы.

«Zero Hunger» видеосынан кейін студенттер азық-түлік ысырабын азайту, әділ бөлініс, қайырымдылықтың рөлі және ауылдық аймақтардағы тұрақты даму жобалары туралы пікір алмасты.

Қорытындысында топ ішінде ақпараттық бұрыш жасау, ал келесі кездесуде «Жақсы істер апталығы» аясында қайырымдылық акциясын өткізу туралы шешім қабылданды. Студенттерге тақырып бойынша шағын эссе жазу тапсырылды.