- Басты бет
- Жаңалықтар
- «ЦУР 4 – Сапалы білім» аясындағы «Artificial Intelligence: Opportunities and Risks» халықаралық іс-шара-көрмесіне студенттердің қатысуы
«ЦУР 4 – Сапалы білім» аясындағы «Artificial Intelligence: Opportunities and Risks» халықаралық іс-шара-көрмесіне студенттердің қатысуы
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері — Тасқұл Жансая мен Табылдиева Камила — Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылған «Artificial Intelligence: Opportunities and Risks» халықаралық көрме-іс-шарасына белсенді түрде қатысып, өз баяндамаларын ұсынды.
Іс-шара барысында студенттер:
-
жасанды интеллект саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдермен танысты;
-
салалық секциялар мен панельдік пікірталастарға қатысты;
-
цифрлық технологиялардың білім беру сапасын жақсартудағы мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы талқылады;
-
халықаралық көрмеге қатысқаны үшін сертификаттар алды.
Іс-шара студенттердің кәсіби дамуына, жаһандық трендтерді түсінуіне және ЦУР 4 – сапалы білімге қол жеткізу қағидасын терең меңгеруіне ықпал етті.
Куратор: физика-техникалық факультетінің электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Исимова Айгерим Токтаровна
Басқа жаңалықтар