«ЦУР 4 – Сапалы білім» аясындағы «Artificial Intelligence: Opportunities and Risks» халықаралық іс-шара-көрмесіне студенттердің қатысуыFarabi University

«ЦУР 4 – Сапалы білім» аясындағы «Artificial Intelligence: Opportunities and Risks» халықаралық іс-шара-көрмесіне студенттердің қатысуы

8 желтоқсан, 2025

«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері — Тасқұл Жансая мен Табылдиева КамилаҚазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы мен Тұрақты даму мақсаттарының 4-мақсаты – «Сапалы білім» аясында ұйымдастырылған «Artificial Intelligence: Opportunities and Risks» халықаралық көрме-іс-шарасына белсенді түрде қатысып, өз баяндамаларын ұсынды.

Іс-шара барысында студенттер:

  • жасанды интеллект саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдермен танысты;

  • салалық секциялар мен панельдік пікірталастарға қатысты;

  • цифрлық технологиялардың білім беру сапасын жақсартудағы мүмкіндіктері мен тәуекелдері туралы талқылады;

  • халықаралық көрмеге қатысқаны үшін сертификаттар алды.

Іс-шара студенттердің кәсіби дамуына, жаһандық трендтерді түсінуіне және ЦУР 4 – сапалы білімге қол жеткізу қағидасын терең меңгеруіне ықпал етті.

Куратор: физика-техникалық факультетінің электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Исимова Айгерим Токтаровна