- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Кедейлікті жоюда білім берудің рөлі» ашық сабағы ЦУР: №4 «Сапалы білім», №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»
«Кедейлікті жоюда білім берудің рөлі» ашық сабағы ЦУР: №4 «Сапалы білім», №16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»
2025 жылғы 20 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Физика-техникалық факультетінде «Кедейлікті жоюда білім берудің рөлі» атты ашық сабақ өтті. Сабақты «6В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырды. Жауапты куратор — Электроника және астрофизика кафедрасының аға оқытушысы Тілеу А.О.
Іс-шараның мақсаты — білімнің кедейлікті азайтудағы маңызын түсіндіру, сапалы білім арқылы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға студенттерді ынталандыру.
Сабақ үш бағытта жүргізілді:
-
Түсіндіру және талдау — коммуникациялық технологиялардың білім беру жүйесіне әсері талқыланды.
-
Студенттік презентациялар — білім мен инновациялық технологиялардың дамуындағы рөлі туралы баяндамалар ұсынылды.
-
Қорытынды нәтиже — студенттер кәсіби білімдерін жетілдіріп, экономикалық тұрақтылыққа әсер ететін дағдыларды меңгерді.
Бұл сабақ студенттерге білімнің адам өміріне, қоғам дамуына және кедейлікті жоюға тигізетін нақты әсерін көрсетті.
ЦУР: №4 — сапалы білімді қамтамасыз ету; №16 — әділдік пен тиімді институттарды нығайту
Басқа жаңалықтар