«Климаттың өзгеруімен күрес» ашық сабағы ЦУР: №13 «Климаттың өзгеруімен күрес», №4 «Сапалы білім»Farabi University

«Климаттың өзгеруімен күрес» ашық сабағы ЦУР: №13 «Климаттың өзгеруімен күрес», №4 «Сапалы білім»

8 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 6 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде «Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ 4-курс студенттеріне арналған және оны Электроника және астрофизика кафедрасының оқытушысы Момынов Сержан жүргізді.

Ашық сабақтың мақсаты — климат өзгерісінің негізгі себептерін, жаһандық жылыну, мұздықтардың еруі, ауа райының тұрақсыздығы, биологиялық әртүрліліктің азаюы сияқты құбылыстардың салдарын жан-жақты түсіндіру. Сабақ барысында климаттың адам денсаулығына, ауыл шаруашылығына, су ресурстарына және экономикаға әсер ететін нақты мысалдар келтірілді.

Студенттерге көміртекті ізді азайтудың қарапайым жолдары ұсынылды: энергия үнемдеу, қалдықтарды азайту, пластикті қолдануды шектеу, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану. Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық экологиялық саясаттың маңызды рөлі атап өтілді.

Сабақ студенттерге қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, тұрақты даму қағидаларын ұстану және кәсіби қызметінде экологиялық шешімдер қабылдау қажеттігін көрсетті.
ЦУР: №13 — климаттың өзгеруіне қарсы әрекет; №4 — сапалы білім.