«Студент бюджетін басқару негіздері» ашық сабағы ЦУР: №4 «Сапалы білім», №8 «Тұрақты экономикалық өсу және лайықты жұмыс»Farabi University

«Студент бюджетін басқару негіздері» ашық сабағы ЦУР: №4 «Сапалы білім», №8 «Тұрақты экономикалық өсу және лайықты жұмыс»

8 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 6 қарашасында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Физика-техникалық факультетінде «Студент бюджетін басқару негіздері» атты ашық тәрбие сабағы өткізілді. Іс-шараға РЭТ-215 тобының 2-курс студенттері қатысты. Ашық сабақты Электроника және астрофизика кафедрасының кураторы Сқабылов Әлішер Әлиұлы ұйымдастырды.

Сабақтың негізгі мақсаты — студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке табыс пен шығындарды дұрыс жоспарлау дағдыларын қалыптастыру, болашақта қаржылық тұрақтылыққа жетудің тиімді жолдарын үйрету. Сабақ барысында студенттер табыс көздерін анықтау, шығындарды жіктеу, күнделікті және айлық бюджет жасаудың әдістерін меңгерді.

Педагог түрлі визуалды материалдар, презентациялар, топтық талдаулар мен практикалық тапсырмалар қолданды. Студенттер нақты жағдайларға негізделген жеке бюджет жоспарын құрып, өз шешімдерін дәлелдеп қорғады. Сонымен бірге «Қаржы сауатты студент» атты мини-викторина өткізіліп, белсенді қатысушылар марапатталды.

Сабақ соңында студенттер қаржылық тәртіптің маңызын түсінді, өз қаржысын тиімді басқаруға қажетті құралдарды меңгерді.
ЦУР: №4 — сапалы білім; №8 — экономикалық тұрақтылық пен тиімді басқару.