Тәуелсіз Қазақстан: Тарихы мен Тағдыры, ЦУР 4 – Сапалы білім, ЦУР 16 – Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар.Farabi University

Тәуелсіз Қазақстан: Тарихы мен Тағдыры, ЦУР 4 – Сапалы білім, ЦУР 16 – Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар.

9 желтоқсан, 2025

Сабақ барысында Қазақстанның тәуелсіздік алуға дейінгі күрделі тарихи жолы, Желтоқсан оқиғасының маңызы, 1991 жылы тәуелсіз мемлекеттің жариялануы қарастырылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық бірегейлік пен руханияттың дамуы жайлы материал ұсынылады. Елдің экономикалық, саяси реформалары, халықаралық аренадағы орны, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы бастамалары талданады.

Студенттер топтық жұмыс, сұрақ-жауап, пікірталас форматында белсенді қатысып, «Менің елім – менің мақтанышым» тақырыбында жеке ой-толғау немесе постер қорғайды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жастардың білімділігі мен жауапкершілігіне байланысты екенін түсіндіру негізгі идея ретінде беріледі. Сабақ соңында рефлексия алынып, бүгінгі ұрпақ үшін тәуелсіздіктің құны туралы қорытынды жасалады.