«Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: ұлттық және халықаралық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияFarabi University

«Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: ұлттық және халықаралық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

9 желтоқсан, 2025
 

2025 жылы 9 желтоқсаны күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Усеинова К.Р. жетекшілігімен «Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: ұлттық және халықаралық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Усеинова Г.Р. арналған жыл сайынғы Антикоррупциялық оқулар ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысқандар:

— Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Абай Әли Сембекұлы;

— банк омбудсмені Нұрпейісов Дархан Қадырбайұлы.;

— Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының оқытушылары мен курсанттары;

— заң факультетінің профессорлары, ғылым кандидаттары және оқытушылары.

 

Конференцияның модераторы — заң факультетінің деканы Ахатов У.А.

Іс-шара барысында шығармашылық номинациялар таныстырылды:

            «Үздік өлең»

            «Үздік бейнеролик»

Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл конференция сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту, ғылыми пікір алмасу және тұрақты даму идеяларын ілгерілетуге арналған маңызды алаңға айналды.

 

"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы