"ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ"Farabi University

"ТӘУЕЛСІЗДІК – ҚАЗАҚТЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ"

10 желтоқсан, 2025

Тәуелсіздік – халқымыз үшін баға жетпес басты құндылық. Бейбіт жолмен қол жеткізген бұл қасиетті күн – еліміздің әлемдік өркениет көшіне еркін қадам басуына жол ашты. Бүгінгі таңда Қазақстанды дүниежүзіндегі ең мықты мемлекеттер таниды және құрметтейді. Бұл жетістіктердің бастауында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сынды жастардың ерлігінің тарихи рөлі бар екенін ұмытпау – әрбір жас ұрпақтың парызы. Осы орайда, А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының  доцент м.а., PhD Жанат Асылханқызы Сәрсенбайдың ұйымдастыруымен   "Тәуелсіздік – қазақтың төлқұжаты" атты тағылымды эдвайзерлік сағат өтті. Мақсаты – студент жастардың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын терең түсіндіру, ұлттық рухты дәріптеу. "Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, ұрпағына аманаттаған қасиетті мұрат!"