ТДМ 3. «Адамды тез қартайтатын сусындар»
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «Адамды тез қартайтатын сусындар» туралы іс-шара өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты өскелең жас ұрпақты өз денсаулықтарын күтуді, денсаулыққа қатысты дұрыс таңдау жасауына, денсаулық мәселесінде сауаттылық деңгейлерін дамытып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шара барысында тез қартайтатын зиянды сусындарды және оның құрамында кездесетін зиянды заттар, олардың адам ағзасына әсері, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы туралы ақпараттар ұсынылды.
Өткізілген іс-шара барысында адамды тез қартайтатын сусындар құрамымен танысты. Сусындар құрамында қант, кофеин және басқа да бояғыш, дәмдеуіш, консерванттар болатынын анықтады. Ал бұл заттар адам ағзасында мынадай ауруларды туғызады: қант диабеті, семіздік, ұйқысыздық, мазасыздық, жүрек қан-тамырлар ауруы. Қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілеп, ритмінің бұзылуына яғни аритмия ауруына шалдығады.
Осы мәселелерді ескере отырып, сусындарды қолдануды шектеу жолдарын қарастырдық.
Басқа жаңалықтар