ТДМ 9. «Мұражай – тарихты танытатын құндылық»
8 желтоқсан, 2025
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНДА әр елден келген ұлты қазақ шетел азаматтары еліміздің тарихи мұрасы, жәдігері сақталған Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейіне саяхат жасады.
Өткізілген шараның мақсаты ұлты қазақ шетел азаматтарын мұражайда ежелгі заманнан қазіргі заманға дейінгі сақталған құнды жәдігерлер мен ғасырлар бойы қалыптасқан тарихымен таныстыру.
Шара барысында тыңдаушылар тарихқа шолу жасап, «Палеонтология» залында көрсетілген қазақ халқының ежелгі кезеңнен қалыптасқан тұрмыстық салты мен шаруашылық және дүниетанымдық көзқарастары, дәстүрлі рухани мәдениетімен танысып қайтты. «Палеонтология» залында сонымен қатар ежелгі кезеңде өмір сүрген жануарлар және басқа да тіршілік иелерінің қаңқалары жинақталған. Экспозицияда жалпы саны 263 экспонат ұсынылған.
Басқа жаңалықтар
15 желтоқсан, 2025
14 желтоқсан, 2025
13 желтоқсан, 2025