«Әдебиет және оқырман: академик З.Қабдоловтың әдебиет туралы ойларындағы бұқаралық сана мен эстетикалық талғам» атты халықаралық ғылыми семинарFarabi University

«Әдебиет және оқырман: академик З.Қабдоловтың әдебиет туралы ойларындағы бұқаралық сана мен эстетикалық талғам» атты халықаралық ғылыми семинар

8 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 08 желтоқсанда 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУфилология факультетінде «Академик З.Қабдоловтың әдебиет туралы ойларындағы бұқаралық сана мен эстетикалық талғам» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтті. Бұл іс-шарадәстүрлі XVIII Қабдолов оқулары аясында өтті.

Семинарды ф.ғ.д., профессор С.Б. Ержанова,ф.ғ.д., профессор А.Б. Темірболат, PhD, ассистент-профессор Э.С. Сейсенбиева және «7М01701 Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранттары ұйымдастырды. Семинар офлайнжәне онлайн форматта өтті. Семинарға қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасымеңгерушісінің м.а., ф.ғ.к. С.Д. Дәрібаев, ф.ғ.к., ассистент-профессор С.Қ. Қосанов, ф.ғ.,ассистент-профессор Е.К. Карбозов, аға оқытушылар А.Қ. Саргелтаева, Б.Б. Баязитов,ҚазҰҚызПУ профессорының м.а., ф.ғ.к. А.А. Көшекова және «7М01701 Қазақ тілі менәдебиеті» мамандығының 2 курс магистранттары З. Амангелді, Қ. Әлиқан, Г. Тілеген, Р.Хашимжан қатысты. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доцентінің м.а., ф.ғ.к. Б.С. Иманғалиев, ОШмемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к. К.Ж. Маданова (Қырғыз Республикасы), Гүлистанмемлекеттік университетінің аға оқытушысы, PhD Б. Оразов, Ажинияз атындағы Нөкис мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, ф.ғ.к. Т.А. Төрткұлбаева (Өзбекстан), Желал Байер Университетінің профессоры, PhD Ферхат Қарабұлут және оның докторанты АлинаБокаева Көсе (Түркия) баяндама жасады. Семинар барысында академик З.Қ. Қабдоловтыңғылыми және әдеби мұрасының маңыздылығы мен өзектілігі ашылды.