- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары» (ЦУР 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ЦУР 4 – Сапалы білім)
«Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары» (ЦУР 3 – Жақсы денсаулық және әл-ауқат, ЦУР 4 – Сапалы білім)
2025 жылғы 9 желтоқсан күні сағат 15:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде 501-аудиторияда «Нашақорлықтың әлеуметтік, экономикалық және отбасыға тигізетін зардаптары» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны «Өндірістік электроника және басқару жүйелері» мамандығының 2-курс студенттері ұйымдастырды. Жауапты куратор – Электроника және астрофизика кафедрасының оқытушысы Каппарова А.А.
Ашық сабақтың мақсаты – нашақорлықтың түрлері, олардың адам денсаулығына тигізетін зияны, қоғам мен экономикаға әсері туралы жан-жақты түсінік беру. Сонымен қатар әлеуметтік, экономикалық және отбасылық зардаптарын талқылау арқылы студенттердің ой-өрісін кеңейту көзделді.
Сабақ барысында салауатты өмір салтының маңыздылығы, жеке жауапкершілік, өз денсаулығына құрметпен қарау мәселелері қозғалды. Студенттер топтық жұмыс арқылы түрлі жағдаяттарды талдап, сыни ойлау, пікір білдіру және шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді.
Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары – ЦУР 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат және ЦУР 4: Сапалы білім бағыттарына сәйкес өткізілді.
Басқа жаңалықтар