Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының мүшесі тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Эгамбердиев Мырзахан Шәріпбайұлына ресми түрде «Профессор» атағы берілді.
М.Ш.Эгамбердиев ұзақ жылдар бойы аталмыш кафедрада қызмет етіп келеді. Шығыстанушы-тарихшы Ғалым Түркия мен түркі халықтарының тарихы бойынша 150-ден аса ғылыми мақала, монография мен оқулықтар жазып, түркі әлемінің ең өзекті мәселелерін көтеріп жүр. Оның мақалалары әсіресе жоғары индексті журналдарда (Scopus, Web of Scinces) жиі жарияланады.
Белгілі ғалым 2024 жылы республикалық «Үздік оқытушы» байқауының жеңімпазы болған еді. Жоғары оқу орнындағы ұзақ жылғы табысты еңбегі оның жақсы жетістіктерге жетуіне негіз болды. Бүгін сол еңбектің жемісін көріп, «профессор» атанып отыр.
Мырзахан Шәріпбайұлын ғылымдағы жетістіктерімен құттықтаймыз, басшылық қызметіне табыс тілейміз!
Әбелдаев Ж.Ә.
ОӘ және ТІ жөніндегі орынбасар