II Халықаралық жас ғалымдар конгресі
2025 жылғы 11–12 желтоқсанда Алматыда Қазақстан жас зерттеушілерінің II Халықаралық конгресі өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы ЮНЕСКО-ның «Сенім, өзгерістер және келешек: 2050 жылға қажет ғылым» атты тақырыбы аясында ұйымдастырды. Пленарлық мәжіліс «Ғылым ордасы» кешенінде, ал секциялық отырыстар мен мастер-кластар қаладағы бес жетекші жоғары оқу орнында жүргізілді. Конгресс жұмысына 1 000-нан астам жас ғалым, 24 мемлекеттен келген 80-нен аса шетелдік зерттеуші, ғылыми диаспора өкілдері, академиктер, депутаттар мен ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин қатысушыларға құттықтау жолдап, еліміздің ғылыми саясатының басым бағыттарын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан қолдау шараларын атап өтті. Оның ішінде ғылымды қаржыландыруды арттыру, жас ғалымдарға арналған тағылымдамалар мен әлеуметтік қолдау бағдарламаларын кеңейту ерекше мәнге ие екендігі атап өтілді. Мемлекеттік кеңесші еліміздегі зерттеушілердің жартысына жуығын 40 жасқа дейінгі ғалымдар құрайтынын айтып, Конгрестің жастар ғылымын нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті.
Конгресс барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың «ғылым мектептен басталады» деген тұжырымды ойы кең талқыланды. Министр мектептерде зерттеушілік орта қалыптастыру, STEM-зертханаларды дамыту, олимпиадалық және жобалық қозғалысты қолдау, сондай-ақ дарынды оқушылармен жұмыс істеуде ҰҒА-мен әріптестікті күшейту бағытындағы жоспарларды таныстырды. Сонымен қатар жас ғалымдарды аймақтардағы оқушылармен жұмысқа және менторлық қызметке белсенді араласуға шақырды.
Шығыстану факультетінен II Халықаралық жас ғалымдар конгресіне Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері – PhD, доцент-зерттеуші Дәуен Динара Бақыткерейқызы мен аға оқытушы Нурсеитова Лайла Дюсенгалиевна қатысып, факультет атынан ғылыми пікірталастарға қасты.
Конгресс қорытындысы бойынша жас зерттеушілер Мемлекет басшысының ғылымды басым бағыт ретінде дамыту жөніндегі курсымен келісетінін білдіріп, «Ғылым жастары» тұжырымдамасын іске асырудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар НАН РК дайындаған ғылыми-техникалық тапсырмаларды ұлттық ғылыми қаржыландыру конкурстарының негізіне айналдыруды, PhD даярлау жүйесін жетілдіруді және пәнаралық зерттеулерді кеңейтуді ұсынды. Конгресс материалдары инфографикалық абстрактілер жинағы ретінде рәсімделіп, ҰҒА сайтында жарияланатын болады.
Автор: аға оқытушы Нурсеитова Л.Д.