1-курс студенттерімен таныстыру кездесуі өтті. ТДМ 4 және ТДМ 17
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1-курс студенттеріне арналған дәстүрлі таныстыру кездесуі өтті. Іс-шараны куратор-эдвайзерлер Қуйкабаева А., Нұрмуханова А., Нұрымов Е., Тайманова Г. және Ильясова Г. ұйымдастырып, оның негізгі мақсаты – жаңа түскен студенттердің университет ортасына бейімделуін қамтамасыз ету болды.
Бағдарлама аясында студенттер университет кампусының негізгі инфрақұрылымымен танысып, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына арнайы барды. Университет кітапханасының қызметкерлері студенттерге мазмұнды экскурсия өткізіп, кітап қоры, цифрлық ресурстар және ғылыми-зерттеу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынды.
Кафедра меңгерушісі Салтанат Алиханқызы Бөлегенова және кафедра меңгерушісінің орынбасары Жанар Қайыржанқызы Шортанбаева студенттерге құттықтау сөз сөйлеп, сапалы білім алу, ғылыми ізденіс және кәсіби жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атап өтті. Басшылық жас буынға білім жолында табыс тілеп, жоғары нәтижелерге жетуге ынталандырды.
Іс-шара төмендегі Тұрақты даму мақсаттарының жүзеге асуына үлес қосады:
-
ТДМ 4 – «Сапалы білім», студенттерге заманауи білім беру ресурстарын қолжетімді етіп, олардың академиялық дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы;
-
ТДМ 17 – «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жолындағы әріптестік», кафедра, студенттер және университет құрылымдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту арқылы.
Студенттер бұл кездесудің өздері үшін маңызды тәжірибе болғанын атап өтіп, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқып жатқандарын зор мақтанышпен жеткізді.
Басқа жаңалықтар