«Посткеңестік мемлекеттердің сыртқы саясатындағы батыс векторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.Farabi University

«Посткеңестік мемлекеттердің сыртқы саясатындағы батыс векторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

13 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институтымен және Америкалық демократиялық зерттеулер ресурстық орталығымен бірлесе отырып, «Посткеңестік мемлекеттердің сыртқы саясатындағы батыс векторы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Факультеттің 30 жылдық мерейтойына орайластырылған бұл іс-шара қазіргі геосаяси трансформация жағдайындағы посткеңестік кеңістік елдерінің Еуропа және АҚШ-пен ынтымақтастығының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға бағытталды.

Конференция жұмысына Қазақстан, АҚШ, Франция, Ресей, Армения, Қырғызстан және Өзбекстанның жетекші ғалымдары мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты. Ғылыми пікірталас аясында туындаған сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер тұрғысынан геосаяси турбуленттілік мәселелері, экономикалық және энергетикалық әріптестік саласындағы әлеует пен кедергілер қаралды, сондай-ақ қауіпсіздік және дипломатиялық өзара іс-қимыл проблемалары қозғалды. Посткеңестік аймақтың геосаяси күн тәртібін қалыптастырудағы АҚШ-тың рөліне ерекше назар аударылды.