Бір шаңырақ астындаFarabi University

Бір шаңырақ астында

15 желтоқсан, 2025

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шетелдік студенттердің қатысуымен « Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен бірлік сезімін ояту, Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы жетістіктерімен таныстыру.

Шара барысында студенттер ән айтып, өлең оқып, түрлі ұлттық ойындарға қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әр елдің жастары қазақ мәдениетіне құрметпен қарап, еліміздің басты құндылығы – Тәуелсіздікті бірге тойлады.

Бірлік пен бейбітшілік – еліміздің берік тұғыры. Баршамыздың ортақ туымыз – Тәуелсіздік аспанында мәңгі желбірей берсін!

Ұйымдастырушы А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а., PhD Жанат Сәрсенбай