Тәуелсіздік – біздің ең асыл құндылығымыз!Farabi University

Тәуелсіздік – біздің ең асыл құндылығымыз!

16 желтоқсан, 2025

Біздің ұрпақтың жүрегінде тәуелсіздікке деген сүйіспеншілік пен мақтаныш мәңгі сақталады! ҚазҰУ заң факультетінде өткен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты рухани-тәлімдік кешіміз ерекше бір әсер мен патриоттық сезімге толы болды. Бұл іс-шара халқымыздың ғасырлар бойғы еркіндік жолындағы күресі мен жеңісінің құндылығын болашақ ұрпаққа жеткізу үшін терең мағыналы қойылым ретінде жүзеге асырылды. Іс-шара 12 желтоқсан 2025ж. күні 203 топ студенттері мен Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ұстаздары С.Р.Ермухаметова, Г,Б Мукалдиева және А.А. Урисбаевамен ұйымдастырылып өткізілді.

Студенттер қойылымдық көріністер арқылы еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихын тереңінен түсіндіріп, өткенімізді қадірлеу арқылы болашағымызға нық қадам жасай алатынымызды көрсете білді. Тәуелсіздік – тек саяси құндылық қана емес, бұл біздің ұлттық бірегейлігіміздің, еркіндігіміздің және болашаққа деген үмітіміздің кепілі!

Іс-шара барысында әрбір қатысушының көкірегінде патриоттық рух, әрбір сөзде, әрбір қимылда еліміздің болашағы үшін жауапкершілік сезімі айқын көрінді. Тәуелсіздікке деген құрметімізді, халқымыздың азаттық жолындағы күреске деген адалдықты осындай рухани кештер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге болатындығына сенімдіміз.