- Басты бет
- Жаңалықтар
- XVIII ғасырдың аяғында Польшадағы архивтік қорлардың тағдырлары және олардың бір қаланың елтаңбасы мысалында тарихи зерттеулерге тигізген әсері
XVIII ғасырдың аяғында Польшадағы архивтік қорлардың тағдырлары және олардың бір қаланың елтаңбасы мысалында тарихи зерттеулерге тигізген әсері
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 «Орнықты даму мақсатындағы әріптестік» бағыты аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультетінде кардинал Стефан Вышинский университеті Тарих институтының (Польша) профессоры, хабилитус докторы Артур Горактың «XVIII ғасырдың аяғында Польшадағы архивтік қорлардың тағдырлары және олардың бір қаланың елтаңбасы мысалында тарихи зерттеулерге тигізген әсері» тақырыбында қонақ дәрісі өтеді. Профессор Горак Артур 2018 жылдан бастап Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасында «6B03204 - Архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету», «7M03207-IT Архивтану және құжаттану» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарына дәріс оқиды.
Барлық оқытушыларды, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды және қатысамын деген ниет білдірушілерді шақырамыз.
Басқа жаңалықтар