«Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы — қайратты, халқы — қаһарман»Farabi University

«Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы — қайратты, халқы — қаһарман»

17 желтоқсан, 2025

📅 2025 жылғы 11 желтоқсан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Бір ел» Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы студенттік клубы рухы мықты, батыл, жауапты және өз еліне адал тәуелсіз Қазақстан азаматының бейнесіне арналған дөңгелек үстел өткізді.

🎯 Мақсаты — жастар арасында патриоттық құндылықтарды нығайту, ұлттық бірегейлікті дамыту және Тәуелсіз елдің азаматына тән қасиеттерді насихаттау.

💬 Іс-шара барысында:

·         тәуелсіз мемлекеттің азаматына қойылатын рухани және азаматтық талаптар;

·         жастардың ел болашағындағы рөлі;

·         батылдық, қайсарлық пен жауапкершіліктің маңызы талқыланды.

Кездесу әртүрлі ұлттардың тағамдарымен ұсынылған дастарханмен жалғасын тауып, бірлік пен татулықтың айқын көрінісіне айналды.

👥 Ұйымдастырушылар:

«Бір ел» Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы студенттік клубы