Факультетте халықаралық қатынастар бойынша магистратураға түсу және Тұрақты даму мақсаттары аясында ақпараттық-ағартушылық кездесу өттіFarabi University
Референдум 15 марта

Факультетте халықаралық қатынастар бойынша магистратураға түсу және Тұрақты даму мақсаттары аясында ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті

20 қараша, 2025

Халықаралық қатынастар факультетінің 226 аудиториясында студенттерге арналған «Магистратура — мүмкіндіктер әлеміне қадам» тақырыбында ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ 4 — «Сапалы білім», ТДМ 8 — «Лайықты еңбек және экономикалық өсім», ТДМ 17 — «Тұрақты даму жолындағы әріптестік») сәйкес ұйымдастырылды.

Кездесу 2025 жылғы 29 қыркүйекте қабылданған Ғылыми кеңес шешімімен бекітілген Жоспар аясында өткізіліп, студенттердің тұрақты даму, адами капиталды дамыту және ТДМ-ды іске асыруды аналитикалық тұрғыда сүйемелдей алатын кадрларды даярлау мәселелері бойынша ақпараттандырылуын арттыруды мақсат етті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — магистратураны аналитикалық, зерттеушілік және қолданбалы құзыреттерді қалыптастыратын негізгі кезең ретінде түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен талдау орталықтары үшін білікті кадрлар даярлау маңызын көрсету болды. Кездесуге халықаралық қатынастар факультетінің академиялық және сараптамалық бағытта дамуға қызығушылық танытқан студенттері қатысты.

Кездесуді ұйымдастыруға жауапты тұлғалар: Малтабаров А.А., Байқушикова Г.С., Хамзаева А.В. Іс-шара барысында қатысушыларға қолданыстағы магистратура бағдарламалары, оқуға түсу шарттары, сондай-ақ ТДМ-ды бағалау және мониторинг жүргізуге бағытталған ғылыми-аналитикалық жобалар мен зерттеу гранттарына қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар магистрлік және докторлық зерттеулер шеңберінде аналитикалық және есептік материалдарды дайындау мәселелеріне ерекше назар аударылды, атап айтқанда:

  • тұрақты даму көрсеткіштерін талдау;

  • халықаралық индекстер мен статистикалық деректерді пайдалану;

  • ТДМ тақырыбы бойынша аналитикалық есептер мен policy brief-тер әзірлеу.

Кездесу барысында докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндіктері, ғылыми мансап перспективалары, сондай-ақ тұрақты даму саласындағы практикалық және еріктілік (волонтерлік) қызметпен академиялық дайындықты ұштастыру жолдары талқыланды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Студенттер білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, ғылыми жетекшілік, аналитикалық зерттеулерге қойылатын талаптар және ТДМ-ды іске асыруға қатысатын құрылымдардағы мансаптық мүмкіндіктер жөнінде өз сұрақтарын қойды. Мұндай формат студенттердің белсенді қатысуына және зерттеушілік қызметке қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Осындай кездесулерді өткізу халықаралық қатынастар факультетінің Тұрақты даму мақсаттары бойынша ағартушылық және аналитикалық қызметті дамытуға, сондай-ақ студенттердің ғылыми және волонтерлік бастамаларын қолдауға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да студенттердің ТДМ-ға бағытталған аналитикалық және ағартушылық жобаларға қатысуын кеңейту мақсатында осындай іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараға жауапты:
Малтабаров Арсен Аскарұлы,
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушысы.

Ұйымдастырушылар — Халықаралық қатынастар факультетінің жас ғалымдар кеңесі.