«Үздік нысана» атты халықаралық байқаудың марапаттау салтанаты
«Үздік нысана» атты халықаралық байқаудың марапаттау салтанаты
2025 жылдың 5 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Әл-Фараби кітапханасында Заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының Қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу институты мен «сарапшы-криминалист» студенттік ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен халықаралық университетаралық деңгейдегі «Үздік нысана» атты байқаудың марапаттау рәсімі өтті.
Шара Тұрақты даму мақсаттарының 3-бағыты – «Салауатты өмір салты және салауаттылықты қолдау» аясында ұйымдастырылып, жастар арасында жауапкершілікті, дәлдік пен төзімділікті дамытуға бағытталды.
Аталған байқау 2025 жылдың 15 және 27 қыркүйек күндері аралығында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Долан ауылында орналасқан Қазақстан Республикасының мамандандырылған оқу орталығының Ату клубында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері қатысты.
Жарысқа келесі университеттердің студенттері қатысты:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- «Тұран» университеті;
- Қонаев университеті;
- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
- Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалы;
- Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар табысталды. Барлық студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!

