«Криминалистің үздік альбомы» республикалық байқауының марапаттау салтанатыFarabi University

«Криминалистің үздік альбомы» республикалық байқауының марапаттау салтанаты

18 желтоқсан, 2025

«Криминалистің үздік альбомы» республикалық байқауының марапаттау салтанаты

2025 жылдың 5 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Криминалистің үздік альбомы» республикалық байқауының марапаттау салтанаты өтті. Байқауды Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушы құрамы мен сарапшы-криминалист студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелері ұйымдастырған.

Байқаудың басты мақсаты - қылмыстық құқық, тергеу және криминалистикалық ғылымдар саласында арнайы білім мен дағдыларды тиімді қолдануды арттыру, студенттердің ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ теория мен практиканың байланысын нығайту. Байқау жас мамандарға өздерінің ғылыми шығармашылығын көрсетуге және кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

2025 жылдың 8 қыркүйегі мен 29 қарашасы аралығында  6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері қатысты.

Байқауға Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысты, олардың ішінде:

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

- «Тұран» университеті;

- Қонаев университеті;

- Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті;

- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;

- Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университетінің Алматы филиалы;

- Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар берілді. Барлық студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!