«Парасат» кәсіподағымен ашық кездесу өтті
18.12.2025 жылы оқу ордамызда «Парасат» кәсіподағының өкілдерімен қызметкерлер мен студенттерге арналған ашық кездесуұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушыларды кәсіподақ мүшелігінің құқықтарымен мүмкіндіктерімен таныстыру, сондай-ақ өзектісұрақтарға нақты жауап беру.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдерімүшелікке қабылдау тәртібі, әлеуметтік-құқықтыққолдау тетіктері, еңбек құқықтарын қорғау, материалдық көмек көрсету, сауықтыру жәнемәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысумүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, студенттер үшін берілетінжеңілдіктер мен қолдау шаралары ерекше атапөтілді.
Ашық диалог форматында өткен жиындақатысушыларды толғандырған сұрақтар қойылып, нақты мысалдар арқылы түсіндірмелер берілді. Қызметкерлер еңбек дауларын шешу жолдарына, ал студенттер әлеуметтік қолдау мен стипендиялықмәселелерге қатысты сауалдарын жолдады.
Кездесу соңында қатысушылар мұндайақпараттық кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, кәсіподақ қызметі туралы толық әрі түсініктімәлімет алғандарын жеткізді. Ұйымдастырушыларалдағы уақытта да қызметкерлер мен студенттердіңқұқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталғаншаралар жалғасатынын мәлімдеді.