2025 жылдың 15 желтоқсанында «Сапалы білім беру» бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының «Түркітану» мамандығының 4-курс студенттері, 1-2 курс магистранттары мен 1 курс докторанттарына 2025-2026 оқу жылындағы қысқы сессия барысы,ауызша және жазбаша емтихан талаптары туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олардың арасында белсенді пікір алмасу өтіп, өздерінің сұрақтарына жауаптар алды.
Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, PhD Кудьярова Ш.Т