Erasmus+ жобаларының әсеріне арналған кластерлік кездесу
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару саласындағы жоғары білімге Erasmus+ жобаларының әсеріне арналған кластерлік кездесу Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен Esil University базасында өтті.
Іс-шара барысында бірнеше баяндама ұсынылып, Erasmus+ жобаларының білім беру жүйесіне, институционалдық даму мен ұлттық деңгейдегі өзгерістерге ықпалы талқыланды. Тұрақты даму, экологиялық бағыттағы білім беру және білім мен еңбек нарығының байланысы негізгі тақырыптардың бірі болды.
LESLIE жобасының әсері туралы баяндама жасаған Шортанбаева Ж.К. жоба аясында жер ресурстарын басқару, қоршаған ортаны қорғау және қатты тұрмыстық қалдықтар саласында білім беру мен бизнестің өзара байланысын күшейту бағытындағы нәтижелерді атап өтті. Жобаның микроквалификацияларды енгізуге және оқыту нәтижелерін тануға қосқан үлесі көрсетілді.
Кездесу барысында ұсынылған баяндамалар ТДМ 4 (Сапалы білім), ТДМ 8 (Лайықты еңбек және экономикалық өсу), ТДМ 9 (Инновациялар мен инфрақұрылым) және ТДМ 17 (Тұрақты даму жолындағы әріптестік) мақсаттарына қол жеткізудегі Erasmus+ жобаларының маңызын айқындады.
Басқа жаңалықтар