Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні
Erasmus+ бағдарламасының Ақпараттық күні Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің ұйымдастыруымен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің және Еуропалық білім беру және мәдениет жөніндегі атқарушы агенттіктің қолдауымен Esil University базасында гибридті форматта өтті.
Іс-шараға жоғары оқу орындарының басшылары, профессорлық-оқытушылық құрам, әкімшілік-басқару персоналы, сондай-ақ академиялық қауымдастық өкілдері, соның ішінде Шортанбаева Ж.К. (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) қатысты.
Ақпараттық күн аясында бірқатар баяндамалар ұсынылып, Erasmus+ бағдарламасының 2025 жылғы байқау қорытындылары, 2026 жылғы байқаудың жаңалықтары және бәсекеге қабілетті жобалық өтінімдерді дайындау бойынша ұсынымдар талқыланды. CBHE, Жан Моне және Erasmus Mundus бағыттары бойынша тәжірибелер ұсынылды.
Сонымен қатар, Erasmus+ жобаларының көрмесі, кәсіби байланыстар орнату сессиясы және Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесінің жеке консультациялары ұйымдастырылды.
Ақпараттық күн Erasmus+ бағдарламасының ТДМ 4 (Сапалы білім), ТДМ 9 (Инновациялар мен инфрақұрылым) және ТДМ 17 (Тұрақты даму жолындағы әріптестік) мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін көрсетті.
Басқа жаңалықтар