2025 ж 18 желтоқсан күні «Тұрақты қалалар және елді мекендер» бойынша Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру шеңберінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, филология факультеті, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының «6В02209-Түркітану»мамандығының 4-курс студенттері Алматы қаласындағы ұлт ұстазы - Ахмет Байтұрсынұлының музейіне барды.
А.Байтұрсынұлы музей-үйінің экскурсия жетекшісі Манатжан Аширов музей қорындағы ғалым өмірі мен шығармашылығына қатысты 500-ге жуық ресми құжаттар, 300-дей мемлекеттік мұрағаттан алынған түпнұсқалармен таныстырды.
Әсіресе, тарихи тұлға тұтынған мүліктерден: жазу машинкасы, мөртабан, қаламсап, қол шемодан, самаурын, жезтабақ, сандық, ғалымның өз тұсында жарық көрген еңбектерінің түпнұсқаларымен, мұралық экспонаттарыментаныса отырып, тағзым етер тұлғалардың өнегелі өмір жолдарынан көп мәліметтер алды.
Ұйымдастырушылар: 4 курс эдвайзері PhD Ш.Т.Кудьярова және Түркітану мамандығының 4курс студенттері.