Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының» мұражайына тарихи-танымдық саяхат
Шетелден келген тыңдаушыларды қоғамға бейімдеу сабақтан тыс уақытта әсем қаламыздың көрікті жерлерін аралап, мәдени орталар театр, кинотеатр сынды жерлерге жиі барып тұру қоғамға тез үйренісіуіне ықпалы мол. Осы орайда ТМД 4-11 аясында ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ тыңдаушылары «Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының» мұражайына тарихи-танымдық саяхат жасап қайтты.
Бұл танымдық саяхаттың негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлы ағартушысы, тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен мұрасына тыңдаушылардың қызығушылығын арттыру, ұлттық тарихқа деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Саяхат барысында мен тыңдаушыларды мұражайдың экспозицияларымен таныстырып, Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолын кезең-кезеңімен баяндап өттім. Экспозицияларда ұсынылған оның жеке заттары, сирек фотосуреттері, баспасөз материалдары, аудармалары және ғылыми еңбектерінің түпнұсқалары тыңдаушыларды ерекше назарын аударды.
Экскурсияның негізгі бөлігінде біз Ахмет Байтұрсынұлының әліпби реформасына, «Тіл-құрал» еңбектеріне, қоғамдық-ағартушылық қызметіне, сондай-ақ Aлаш қозғалысындағы рөліне тоқталдық.