«Ерлігі өшпес – Әлия Молдағұлова»Farabi University

«Ерлігі өшпес – Әлия Молдағұлова»

10 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 8 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің Экономика мамандығы бойынша 3-курс студенттері Әлия Молдағұлова ерлігіне арналған «Ерлігі өшпес – Әлия Молдағұлова» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында студенттер батыр арудың Отан қорғаудағы қаһармандығын, өмір жолы мен өнегесін жас ұрпаққа жеткізетін мазмұнды баяндамалар ұсынды. Бұл бастама ұлттық тарихты дәріптеуге, жастардың патриоттық санасын арттыруға ықпал етті және Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты — Сапалы білім беруге нақты үлес қосты.

Іс-шара елімізге бейбітшілік, өркендеу және молшылық тілеумен қорытындыланды.

Ұйымдастырушылар: Андабаева Г. К., Кулиев И. У., Тураров Д. Р., Сағынбай Ә. Ғ.