«Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл»
2025 жылғы 11 желтоқсанда Экономика мамандығының студенттері «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» тақырыбында танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында студенттер Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі этносаралық татулықты, қоғамдық келісім мен мәдени әртүрлілікті сақтаудағы маңызды рөлін талқылады. Әрбір азамат ел болашағы үшін жауапты екені, қоғам дамуы үшін дау-дамай емес, мызғымас ынтымақ, бірлік және білім қажет екені ерекше атап өтілді.
Жастардың көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр болуы — осы құндылықтарды нығайтуға қосылатын басты үлес екені айтылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші — Сапалы білім беру және 16-шы — Бейбіт, әділетті қоғам құру мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылар: Андабаева Г. К., Кулиев И. У., Тураров Д. Р., Сағынбай Ә. Ғ.
Басқа жаңалықтар