Рухани құндылықтар айнасы – “Махаббат қызық мол жылдар”Farabi University

Рухани құндылықтар айнасы – “Махаббат қызық мол жылдар”

11 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 8 желтоқсанында әл Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» мамандығының 1-курс студенттері 100 кітап жобасы аясында Махаббат қызық мол жылдар шығармасын талқылауға арналған әдеби іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында студенттер шығарманың авторы Әзілхан Нұршайықовтың суреттеген адамгершілік, достық, адалдық пен жауапкершілік сияқты негізгі құндылықтарға ерекше тоқталып, туындыдағы өмірлік тағылымдардың жастар тәрбиесіндегі маңызын талдады.

Іс-шараның мазмұны әдеби білімді кеңейтуге, мәдени құндылықтарды насихаттауға және студенттердің тұлғалық дамуына ықпал етіп, Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші бағыты — Сапалы білім беруге сәйкес үлес қосты. Іс-шара жастардың рухани ой-өрісін арттырудың маңызын айқындаумен қорытындыланды.

Ұйымдастырушылар: Тураров Д. Р., Кулиев И. У., Сағынбай Ә. Ғ.