ТДМ 4- Сапалы білім аясында кітапханада "Осал топтарда цифрлық сауатталықты дамыту" атты тренинг өттіFarabi University

ТДМ 4- Сапалы білім аясында кітапханада "Осал топтарда цифрлық сауатталықты дамыту" атты тренинг өтті

19 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 19 желтоқсанда Коммьюнити-орталық пен кітапхана базасында  ТДМ 4 Сапалы білім аясында "Осал топтарда цифрлық сауатталықты дамыту" атты оқыту іс-шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараны Ақпараттық технологиялар факультеті, Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасы ұйымдастырды.

Тренингтің негізгі мақсаты – осал топтар қатарындағы азаматтардың интернетті, әлеуметтік желілерді және электрондық мемлекеттік қызметтерді қауіпсіз пайдалану дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ онлайн кеңістікте жеке деректерді қорғау мәдениетін қалыптастыру.

 Екі сағатқа созылған бағдарлама аясында қатысушылар төмендегі оқу блоктарынан өтті:

«Қауіпсіз интернет: фишинг, алаяқтық және жалған ақпарат» тақырыбында интерактивті мини-дәріс;

 Әлеуметтік желілердегі құпиялылық баптауларын орнату бойынша практикалық сессия;

 Egov.kz және eGov Mobile платформаларын пайдалану, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жолдары бойынша қадамдық нұсқаулық.

Тренингке студенттер қатысып, өздерінің цифрлық қауіпсіздік, құпиялылықты сақтау және онлайн алаяқтықтан қорғану туралы білімдерін кеңейтті. Қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, смартфон мен қосымшаларды дұрыс баптауға арналған жеке кеңестер алды.

Іс-шара осал топтардың цифрлық қатысуын қолдауға және ақпараттық технологияларды қауіпсіз қолдану мәдениетін қалыптастыруға маңызды үлес қосты.