«Мамандық, ғылым, жетістік: әйелдер көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
16 желтоқсан, 2025
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «Мамандық, ғылым, жетістік: әйелдер көзқарасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара оқытушылар мен студенттерді біріктіріп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Кафедра доценттері Тажибаева Т.Л. мен Бергенева Н.С. өздерінің педагогикалық және ғылыми тәжірибелерімен бөлісіп, әйелдердің ғылым мен кәсіби қызметтегі рөлін атап өтті. Қатысушыларға академиялық және мансаптық дамуға бағытталған құнды кеңестер берілді.
Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Базарбаева Т.А. спикерлерге алғыс білдіріп, «әл-Фараби» университеттік алтын белгісін табыс етті. Бұл дөңгелек үстел әйелдерге құрмет көрсету мен студенттерді шабыттандыруға арналған маңызды шара болды.
Басқа жаңалықтар
10 ақпан, 2026
10 ақпан, 2026