ЦУР 4 аясында жатақханада құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін насихаттауFarabi University

ЦУР 4 аясында жатақханада құқықтық тәртіп пен заң үстемдігін насихаттау

27 қараша, 2025

ЦУР 4. 27 қараша 2025 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, заң факультетінің 18 жатаханасында, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафераснының графигіне сай, кезекшілік міндетімді атқардым. Кезекшілікті атқару барысында жетінші қабатта тұрып жатқан студенттердің жатақханадағы тыныс тіршілігімен таныстым. Жатақхананың бөлмелерінің тазалық барысын жауапты студенттермен бірге тексердік. Жатақханада тұрып жатқан студенттер өздерінің күнделікті тіршілігіне қанағаттанулы. Бос уақыттарында жатақхананың кітапханасына барып кітап оқиды және әртүрлі спорттық жаттығулар жасайды. Осы сәтті пайдаланып жатақханада тұрып жатқан студенттерге құқықтық тәртіп пен заң үстемдігі жайлы танымдық дәріс оқыдым.

Кеден, қаржы және
экологиялық құқық
кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.к Н.С. Жетібаев.