«Тәуелсіздік ғибраты» тақырыбында студенттерге танымдық дәріс және кезекшілік
12 желтоқсан, 2025
12 желтоқсан 2025 жылы ҚазҰУ-нің заң факультетінің, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Н.С. Джетибаев №18 студенттер үйінде кезекшілік атқарды. Кезекшілікті атқару барысында студенттердің тыныс тіршілігімен терең танысты. Студенттер үйінде тұрып жатқан студенттердің арасында " Тәуелсіздік ғибраты" тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Студенттерге қазақ халқы үшін тәуелсіздіктің оңайлықпен келмегенін және ата бабаларымыз сан ғасыр бойы тәуелсіздік жолында жанын пида еткеніне оқытушы тоқталып кетті. Студенттер танымдық дәрісті қызығушылықпен тыңдады.