Тұрақты даму мақсаттары аясында бейне дәріс өтілді
Бейне дәріс барысында ТДМ-ға қол жеткізудегі серіктестіктің негізгі қағидалары атап өтіліп, университеттердің тұрақты дамуға қосатын үлесіне тоқталды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының мемлекеттік құрылымдармен, жеке сектормен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаларының мысалдары келтірілді.

Дәріс барысында:
-
тұрақты даму саласындағы халықаралық және жергілікті серіктестіктер;
-
университеттің ғылыми-зерттеу және әлеуметтік жобалардағы рөлі;
-
қоғам үшін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тиімділіктер
кеңінен талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушыларға бірлескен жобаларға қатысу және серіктестік мүмкіндіктерін пайдалану жолдары ұсынылды.
Ұйымдастырушы: Ақпараттық жүйелер кафедрасы
Бейне дәріс сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=d-r-_5vLVSw
Басқа жаңалықтар