- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мәдениеттер диалогындағы тіл мен әдебиет: мәтін, мағына, интерпретация» атты ғылыми семинар
«Мәдениеттер диалогындағы тіл мен әдебиет: мәтін, мағына, интерпретация» атты ғылыми семинар
2025 жылғы 17 желтоқсанда 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Өзбекстан Республикасының Наманган мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушыларына ғылыми семинар өткізді.

Аталған іс-шараға кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты С.Д. Дәрібаев, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б.Б. Баязитов, педагогика ғылымдарының докторы, НМПИ доценті М.А. Монзурова, педагогика ғылымдарының докторы, НМПИ доценті М.Е. Турабоева, педагогика ғылымдарының докторы, НМПИ доценті М.Н. Кулдашева, PhD, НМПИ доценті Ф.З. Хусанова, PhD Т.У. Жураева қатысты. Ғылыми семинардың тақырыбы – «Мәдениеттер диалогындағы тіл мен әдебиет: мәтін, мағына, интерпретация». Филология ғылымдарының кандидаты С.Д. Дәрібаев, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Темірболат, аға оқытушы Б.Б. Баязитов Өзбекстаннан келген әріптестеріне қазіргі филология ғылымының даму үрдістері, көркем мәтіндерді зерттеуде қолданылатын инновациялық технологиялар туралы баяндады. Семинар аясында қазіргі әлемдегі мәдениетаралық коммуникация мәселелері талқыланды.