ҚазҰУ оқытушылары №161 Жамбыл атындағы лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуін өткіздіFarabi University

ҚазҰУ оқытушылары №161 Жамбыл атындағы лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

26 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 26 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика-математика факультетінің Математика кафедрасының оқытушылары №161 Жамбыл атындағы лицейдің 10–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шара ТДМ 4 – Сапалы білім беру аясында ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларды жоғары математикалық білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру, мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру және университеттік орта туралы түсінік қалыптастыру.

Кездесу барысында оқушыларға факультеттің білім беру бағдарламалары, студенттік өмір, ғылыми жобалар және университетке түсу талаптары туралы ақпарат берілді. Іс-шараға Бармағамбет Сағыныш, Қадылханұлы Елнар, Сарыбай Таңшолпан, Қуаныш Сәуле, Буканай Нурайым қатысып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Математика кафедрасы