Гендерлік саясат тақырыбына арналған ақпараттық-танымдық семинар
2025 жылдың 24 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының ұйымдастырумен КММ «Шапағат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 3-бөлімшесінде гендерлік саясат тақырыбына арналған ақпараттық-танымдық семинар өтті. еминар спикері – кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидатығ қауымдастырылған профессор Б.М.Айтбаева Семинарға факультет деканы Бектанов Алмас Ауелбекұлы және кафедра оқытушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – гендерлік теңдік қағидаттарын түсіндіру, қоғамда әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің маңызын насихаттау, сондай-ақ қатысушылардың құқықтық және әлеуметтік сауаттылығын арттыру болды.
Семинар барысында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары, мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар, отбасы мен қоғамдағы гендерлік рөлдер мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға мазмұнды ақпарат ұсынылып, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді. Семинар гендерлік мәдениетті қалыптастыруға және әлеуметтік әділеттілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының
меңгерушісі Б.М.Айтбаева
Басқа жаңалықтар