Ересектерге арналған онлайн қазақ тілі сабағыFarabi University
Референдум 15 марта

Ересектерге арналған онлайн қазақ тілі сабағы

3 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 1 қарашасынан 1 желтоқсаны аралығында шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының меңгерушісі Б.М. Айтбаеваның ұйымдастыруымен ересектерге арналған онлайн қазақ тілі сабағы өткізілді.

Аталған оқу курсының негізгі мақсаты – ересек тыңдаушылардың қазақ тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тілдік білімін жетілдіру және күнделікті тұрмыстық әрі әлеуметтік жағдаяттарда қазақ тілін еркін қолдануына мүмкіндік беру болды.

Сабақтар онлайн форматта өтіп, қатысушылардың жас ерекшеліктері мен тілдік деңгейіне сай ұйымдастырылды. Оқу барысында коммуникативтік бағыттағы тапсырмалар, жағдаяттық диалогтар, интерактивті жаттығулар және аудио-бейнематериалдар кеңінен қолданылды.

Онлайн сабақтар тыңдаушылардың қызығушылығын арттырып, қазақ тілін меңгеруге деген ынтасын күшейтті. Қатысушылар курстың мазмұнды әрі тиімді өткенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Бұл бастама қазақ тілін ересектер арасында кеңінен насихаттауға және тілдік орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасының

меңгерушісі Б.М.Айтбаева