STEM/IT саласындағы әйелдер және ЦУР 5: қыздарды ғылым мен технологияға тарту
29 желтоқсан, 2025
Бұл сабақ-жоба 8–11 сыныптағы оқушы қыздарды STEM/IT саласына тартуға және БҰҰ-ның ЦУР 5 — Гендерлік теңдік мақсатын іске асыруға бағытталған. Сабақтар жыл бойы 430 кабинетте өткізіліп, қыздарға техникалық бағытта өздерін еркін сезінуге мүмкіндік береді.
Жоба барысында оқушы қыздар робот-итті нөлден бастап құрастырады: механика негіздері, электроника, микроконтроллерлер және бағдарламалау кезең-кезеңімен меңгеріледі. Әйел-тәлімгерлердің қатысуы арқылы қыздардың ғылымға деген қызығушылығы артып, өз күшіне сенімі қалыптасады.
Сабақ нәтижесінде қатысушылар қалалық ғылыми жобаға қатысып, ЦУР 5 — Гендерлік теңдік және ЦУР 4 — Сапалы білім мақсаттарына үлес қосады.
Басқа жаңалықтар
31 желтоқсан, 2025
30 желтоқсан, 2025
30 желтоқсан, 2025