Ауыл балаларын қолдау – ортақ мақсатымызFarabi University

Ауыл балаларын қолдау – ортақ мақсатымыз

13 желтоқсан, 2025

Астанада 9-13 желтоқсан аралығында өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қатысушыларымен арнайы кездесу ұйымдастырылды.

 «ТДМ 4. Сапалы білім» аясында өткен басқосуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдаған жеткіншектердің тіл мен әдебиеттің көкейкесті мәселелеріне қатысты пікірлері тыңдалды.

Жас ұрпаққа бүгінгі таңдағы қазақ тілінің мәртебесі туралы, қазіргі әдебиеттің даму бағыттары жөнінде айтылды. Жиынның негізгі мақсаты – ауыл оқушыларының қабілеттерін ашудың мүмкіндіктерін саралап, дарынды, білімді балалардың интеллектуалдық дамуына кеңес беру және жоғары оқу орнын таңдауға бағыт-бағдар беру. 

Шохан Шортанбай,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы